Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы ТОО "Западно-Казахстанский Высший медицинский колледж" - Поддержка студента

 

 

 
Поиск

Авторизация

Студенттерді қолдау

Программа Qamqor (Скачать)     Стипендиаты Профсоюза "Сенім" (Скачать)
        Премия студентам (Скачать)  

 

      Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Қамқор» жобасы аясында студенттерді қолдаудың Кешенді бағдарламасы жұмыс жасайды. 

Бағдарламаның мақсаты:

-студенттерге жан-жақты қолдау көрсету ( толығырақ -  Бағдарламада)

Қолдау бағыттары:

-әлеуметтік

-психологиялық

-материалдық

-тұлғалық, шығармашылық

-ақпараттық

    Осы бағытта колледж басшылығы үнемі әр түрлі санаттағы студенттер жағдайын назарда ұстайды. Бүгінде  колледжде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 10 студент, көпбалалы отбасынан 201 студент, мүмкіндігі шектеулі 14 студент және аз қамтылған отбасынан 72 студент білім алуда.

    Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер  материалдық, әлеуметтік қолдау мақсатында жыл сайын  бюджет есебінен шәкіртақы, жолақы, ыстық тамақ, қажетті  киіім –кешек,  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

 Сондай-ақ, колледж білім алушылары оқу-тәрбие үрдісінде ғаламтор жүйесін тегін қолдана алады.  2020 жылдан бастап колледж жанында 145 орындық жатақхана салынып (ЖК «Хайрекешов») ауылдық жерден және өзге облыстардан келіп оқитын студенттер орналасқан.

    Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша жасақталған  оқу топтарында мамандықтар бойынша босаған орындарға үздік оқитын студенттер ұсынылып, педагогикалық   кеңес  шешімімен тегін білім алуға мүмкіндіктер алады.

       Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын жақсы үлгерім көрсеткішін көрсеткен  студенттер  шәкіртақы мен  қоса үстемақы алады.

      Жыл сайын оқуда, қоғамдық-мәдени, спорттық шараларға белсене қатысып жақсы көрсеткіш көрсеткіш көрсеткен студенттер сыйақыға ұсынылып, ынталандырылады.

       Осы жылы  «Сенім» кәсіподақ ұйымының БҚО филиалы 2 студентке  ай сайын 20 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындады.      Колледж қабырғасында білім алушыларға қажетті алғашқы медициналық көмекті  ұйымдастыру үшін    қызмет көрсету лицензиясы бар медициналық пунк жұмыс жасайды.

        Әлеуметтік мәселелері  бар студенттерді дер кезінде қолдау – колледж басшылығының басым міндеті. Осы бағытта кездескен әлеуметтік мәселелерді дер кезінде  анықтап, шешу мақсатында  колледж психологі, топ кураторлары мен бөлім меңгерушілері күнделікті жұмыстанады және басшылыққа ұсынады. 

  Біздің колледжде студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Шығармашылық бағыттағы үйірмелер: вокал, би және ғылыми-пәндік бағыттағы үйірмелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанатын белсенді студенттерге аранлған  волейбол, футбол, күрес, каратэ, шахмат, гір тасын көтеру бағыттарында спорт секциялары ұйымдастырылған. Қыс мезгілінде шаңғы тебу түрлері ұйымдастырылады.

      Колледж сайтында колледж директоры блогы студенттер мен ата-аналардың жеке мәселелері  бойынша қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ, психологиялық кеңес алу және сенім телефондары туралы ақпараттар орналастырылған.

FaLang translation system by Faboba

Еще статьи