Кибербуллинг дегеніміз не?
Кибербуллинг (cyberbullying) – жасөспірімдер арасында кең тараған виртуалды лаңкестік (террор). Кибербуллинг ағылшынша bull – бұқа сөзінің мағынасына жақын ұғым – шабуылдау, мәжбүрлеу, айдап салу, қорқыту, ар-намысына тию, жалған әңгімелер тарату, бопсалау сияқты агрессивтік ұғымдарды білдіреді. Кибербуллингтің қауіптілігі – ол интернет арқылы әлеуметтік желілерде, видео-парталдарда ар-намысқа тию, жалған әңгімелер тарату, қорқыту, масқаралап беделін түсіру арқылы адамға психологиялық қысым жасайды, денсаулығына зиян келтіреді.
Интернет желісінде жасалған алаяқтық, алдау, кибербуллингтер жазасыз қалмайды. Мұндай қылмыс жасағандар заң алдында жауап беруден қашып құтылмайды. Интернетте миллиардтаған пайдаланушы болса да, оларды бәрібір табады. Себебі, әрбір компьютер интернетке қосылғанда оған арнайы IP-адрес беріледі.
Қоғамдық желілерде отыру сіз үшін үйреншікті жағдай бола тұра, сіз жайлы артық ақпарат басқаларға көрінбеуі үшін біздің кеңестерімізді орындап жүріңіз.
1. Қоғамдық парақшаларда үйіңіздің нақты мекенжайы сынды ақпаратты жазбаңыз.
2. Геолокациялық сервистерді (instagram, formspring) қолданбаған жөн. Достарыңыз сіздің қай жерде, не істеп жүргеніңізді көріп, бағалап, пікір жазғаны қызық-ақ. Бірақ қарақшылар сіздің үйде болмаған кездеріңізді байқап, осы ақпаратты пайдалана алады.
3. Қоғамдық желілердегі профильдарыңызды жеке, яғни сіз жайлы ақпаратты тек достарыңыз көретіндей баптаңыз. Достарға да тек шын өмірдегі таныстарыңызды қосыңыз.
4. Танымайтын адамдардан келген жеке хабарламамен келген сілтемелерге өтпеңіз. Спамға ұқсайтын, күмәнді хаттарды ашпай бірден өшіріңіз.
сілтемелер
http://www.ifap.ru/library/book099.pdf - «Интернеттегі қауіпсіздіктің ережелері мен қауіп-қатерлері», «Интернет- әдептілік ережелері», «Интернет және балалардың жас ерекшеліктері» . Microsoft корпорациясы.
http://www.opasno.net/rd419.html - компьютерлік қауіпсіздік, интернеттегі қауіпсіздік , nuke attack шабуылдан қорғау, e-mail қауіпсіздік, интернеттегі алаяқтық, сақталған сұхбат, irc, usenet-ті жасырын пайдалану және т.б. мүмкіндіктер.
http://www.youtube.com/watch?v=l5RUBiw-IIY – Интернетте өзіңіз туралы ақпаратты шектен тыс орналастырудан сақтандыратын роликтер.
http://pwpt.ru/presentation/obzh/bezopasnost_detey_v_internete/ - «Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі» тұсаукесері, мұнда әр жастағы балалар үшін Интернетті қауіпсіз пайдалану туралы кеңестер жинақталған. Жұмыста компьютерге тәуелділіктің белгілері анықтау мен қажет емес контентті сұрыптауға арналған бағдарламалар сипаты.
http://power-p.ru/load/informatika/bezopasnost_v_internete/9-1-0-468 - Интернетте зиянкестерден қорғану әдістері туралы тұсаукесер, (Интернеттегі қылмыскерлер, зиянды бағдарламалар, Интернет- алаяқтық, құмар ойындары, онлайн қарақшылық, интернет-күнделіктер, интернет-бұзақылық, күмәнді ақпарат, ұнамсыз мазмұнды құжат).