Біз – көп ұлттымыз!
Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда. 2020-2021 оқу жылында 11 ұлт өкілдерінен құралған студенттер және 5 шет елдік (ТМД) студент колледжде білім алады. Шет ел студенттері мен өзге ұлт өкілдері колледждегі оқу-тәрбие үрдісіне, іс-шараларға белсене араласады.
Студенттер арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, Қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, сонымен қатар, Қазақстан халқының азаматтық және рухани – мәдени тұтастығын нығайту мақсатында тәрбие жұмысы бөлімі, Жастар ісі комитеті және барлық үйірме-секциялар белсене жұмыстанады.
Барлық ұйымдастырылған іс-шараларды өткізуде студент-жастар арасында достық қарым - қатынасты, бірлік пен ынтымақтастықты, толеранттылықты насихаттау мақсат етіледі. Олар барлық клубтар мен жастар ұйымдарына мүше.
«Тіл –достықтың кепілі», «Абай –дара, Абай-дана» т.б өзге ұлт студенттері белсене қатыстырылған шаралар, фестивальдер дәстүрлі түрде өтіп отырады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=769302253645702&id=100016978039085&sfnsn=mo