Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - Мақалалар

 

 

 

Іздеу

Кіру

 

02.10.2020ж Қайырымдылық айлығы аясында «Қариялар күніне» орай колледжімізде жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ардагер оқытушыларды келе жатқан «Ұстаздар мерекесімен» құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Ардагер ұстаздарымыз:

1. Митрохина А.Т

2. Ковшова К.Я

3. Ларина Т.И

4. Семенова М.Н

5. Колесникова Т.Т

6. Амангалинова Р.С

7. Байбулатова С.А

8. Умаргалиева З.К

9. Кирильчева Н.С

10. Кудрякова Г.И

Биылғы жылы «Кәсіподақ ұйымы» және колледждің №4 оқу кеңестік пунктінің оқытушылары ардагер ұстаздарымыздың үйлеріне барып, құттықтау тілектерін айтып, сый - сияпат білдірді.

  

 

21 қазанда "АИТВ/ЖИТС Тоқта" акциясы өтті. Іс-шаралар Орал қаласының 33,39,35 маршруттарында өтті.

Акцияны ЖИТС – тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық "Мейірімді жүректер" волонтерлер жетекшісі И.А. Жапашова және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студент-еріктілерімен бірге өткізді.

 

 

14 ақпан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесіне барып, 2020 жылы бітіретін балалар ауылының түлектеріне мамандық таңдау, кәсіптік бағдар беру бойынша «Менің мамандығым, менің болашағым» атты кездесуге қатысып өз мамандықтары жөнінде ақпарат берді.

 

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар