View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Обычная версия

     

Жаңалықтар

  Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Ұлы дала ұрпақтары» атты салтанатты шара ұйымдастырылып, шара барысында колледж директоры К.М.Ирменов колледж ұжымын және студенттерді мерекемен құттықтап, «Тәуелсіздік шежіресі» атты онкүндік шеңберінде ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гульмира Ибрагимовна Алмагамбетованың оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі еңбегі еленіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған ARASHI ММА-дан әйелдер және ерлер арасында қалалық турнирінде 50кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжнің «Акушер ісі -31» тобының студенті Досмағамбетова Ақбота жүлделі І орынды иеленді.

Кәсіби шеберлік-білім сапасының кепілі апталық шеңберінде Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің оқытушылары Бергенова Л.Э. және Исимова Ж.Т. «Микробиология және ағылшын тілі білгірлері» колледжішілік онлайн олимпиада өткізді.

Олимпиада мақсаты - оқытылған пәндері бойынша білімдерін тереңдету, кәсіби көзкарасты кеңейту және болашақ мамандығына қызығушылықты арттыру.

11-желтоқсан күні «Гигиена және эпидемиология», «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша пәндер оқу кеңестік пунктінің 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Кәсіби шеберлік-білім сапасының кепілі» атты апталығының жабылу рәсімі онлайн форматында өткізілді.

«АДАЛ ҰРПАҚ – ГҮЛДЕНГЕН БОЛАШАҚ»

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТТЕРІНІҢ АРАСЫНДА СЫРТТАЙ  БЕЙНЕРОЛИК БАЙҚАУЫНА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ: 02.12.-05.12.2020 жыл.

 Дауыс беру үшін жоғарыдағы сілтемеге өтіңіз

 

 1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.1. Өскелең ұрпақтың бойында еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін оятып, азаматтық белсенді ұстанымын және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру.

1.2. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.

1.3. Жастарды медиа шығармашылыққа тарту.

2. Байқауды ұйымдастырушы: Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің «Саналы ұрпақ»  клубы