Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - ЖИТС-АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары

 

 

 

Іздеу

Кіру

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі облыстық орталық" ММК қызметкерлері ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» ММК қызметкерлерімен бірігіп білім алушылармен «ЖИТС-АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары» жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Білім алушылармен бұл инфекцияға әкеп соғатын жоғары ықтималдығы бар тәуекел топтарына кіретін тұлғалармен жұмыстар туралы талқыланып, АИТВ-ның басқа адамдарға берілуінің алдын алуға және ұзақ жылдарға денсаулықты және толыққанды өмірді сақтау үшін емдеудің кезеңдерімен таныстыру жұмыстары өткізілді.

Білім алушылармен мына сұрақтар талқыланды.

«АИТВ қалай жұғады?

Кімдер АИТВ жұқтыру қаупіндегі топқа жатады?

Балалар АИТВ-ны өз анасынан қалай жұқтырады?

Қандай қатынас қауіпсіз болып саналады?

Міндетті түрде АИТВ-ны тексертуге баруым керек пе?

АИТВ-ны диагностика жасату үшін мітдетті түрде дәрігерге баруым керек пе?

Мен «Қауіпсіз жыныстық қатынасты» қалай сынап көрсем болады?

Білім алушылар мамандарға сұрақтарын қойып, пікіралмасты.

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар