Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - «Тіл-достықтың кепілі»

 

 

 

Іздеу

Кіру

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі-31» тобының студенті Брызгина Наталья Ивановна 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасының қатысушы қонағы болды.

Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Тіл-достықтың кепілі » тақырыбында әңгіме өрбітті. Сұхбат барысында өзге ұлт өкілдерінің туған тілді кеңінен меңгеруіне түрткі болатын не? Тілді меңгеру нені қажет етеді? Отбасында қазақ салтын қаншалықты ұстанасыздар? Қазақ тілінде қаншалықты көркем әдебиет оқисың? деген сұрақтарға қазақ тілінде еркін жауап беріп,кеңінен әңгіме өрбітті.

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар