Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік етек алмасын десек

 

 

 

Іздеу

Кіру

2021 жылдың 22 сәуір күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің «Акушер ісі» 2-3 курс еріктілерінің ұйымдастыруымен «Бірлесе үйрену» акциясы аясында Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Орал «Сервис» технологиялық колледжі» студенттері арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулығы туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, ерте жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды. Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Семинарда қойылған әр қилы сауалдарға жауаптар берілді. Шараға қатысқан арнайы пән оқытушылары Муфтахиева А.К., Трунова-Федулеева Н.В., Дюсенбаева А.Ж. берген жауаптары қатысушылардың көңілінен шықты.    

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар