Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - Оқытушыларға арналған психологиялық тренинг

 

 

 

Іздеу

Кіру

16.03.2021ж колледж ұстаздарына арналған «Біз әр түрліміз, бірақ біргеміз» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингтің негізгі мақсаты ұжымның коммуникативтік дағдыларын дамытып, тиімді командалық қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Тренинг барысында оқытушылар ұжымда бірігіп әрекет жасау, позитивті қарым-қатынас құруға бағытталған топтық жаттығулар арқылы коммуникативтік кедергілерді жойып, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік алды.

Тренинг арқылы қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көп алдында жария етіп, ішкі кедергілерді жеңіп, өздерінің мүмкіндіктеріне сенімдері артты. Кәсіби қызметтегі басымдықтарды анықтауға себепші болған тренинг оқытушылардың көңілінен шығып, соңында бір-біріне жақсы тілектер айтып, алған әсерлерімен бөлісті

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар