Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА

 

 

 

Кіру

2020 ж. 25-қараша күні Шымкент Жоғары медицина колледжінің 90-жылдығына арналған «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу: қызығушылық, ізденіс, ынтымақтастық»тақырыбындағыхалықаралық ғылыми-теориялық конференциясына колледж оқытушылары өз тәжірибелерімен белсене қатысты.

Конференцияның мақсаты:

- Оқытушылардың тәжірибе алмасуы және біліктілігін арттыру.

- Шетелдік колледждер, университеттер және денсаулық сақтау ұйымдарымен халықаралық байланыстарды дамыту.

- Оқу үдерісін жетілдіру және мамандарды даярлау сапасын арттыру.

- Халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, тиімді инновациялық оқыту технологиялары мен медицина қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру және іздену.

Баяндамада оқу үдерісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелері қаралды.

Курноскина Вера Петровна «Использование возможностей цифровых сервисов при изучении клинических дисциплин в медицинском колледже» тақырыбындағы баяндамасында арнайы пәндерде қашықтықтан оқыту форматында практикалық дағдыларды бақылау, оқытудың ерекшеліктері мен перспективаларын қарастырды.

Жапакова Алмагүл Қазболатқызы «Жалпы кәсіптік пәндерді көптілділікке оқытудың әдістерін тиімді қолдану» тақырыбымен медициналық колледжде жалпы кәсіптік пәндерде CLIL - технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстарға көңіл бөлінді.

  

Басқа мақалалар