Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - «Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіптік білімнің модернизациялануы: аспектілері, перспективалары»

 

 

 

Іздеу

Кіру

 

2022 жылғы 10 желтоқсанда Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы колледждерінің оқытушылары арасында «Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіптік білімнің модернизациялануы: аспектілері, перспективалары» облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Облыс колледждерінің оқытушылары өлкедегі кәсіптік оқу орындарының даму тарихы, тәуелсіздік жылдарында кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту кезінде кәсіби дайындықтары мен дағдыларын арттыру туралы баяндады.

Облыстық конференция жұмысына білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Тұрарбек Бахтыгерейұлы Қиясов және Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ғылыми және оқу жұмысы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Ибрагимқызы Алмагамбетова қатысты.

Конференцияда қызықты, пайдалы диалог алаңы болды, инновациялық білім беру технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасу, кәсіби-құзыретті мамандардың сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтардың рөлі туралы айтылды.

Конференцияны жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары Э. К. Ундаганова, Л. Н. Темрешева және оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А. К. Жапакова ұйымдастырды.

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар