Сайттың нашар көрушілерге арналған нұсқасы "Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі" ЖШС - Басты

 

 

 

Іздеу

Кіру

Жаңалықтар

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ сенімгерлік басқару шеңберінде колледждің қолданбалы бакалавриатының 24 түлегін грант бойынша академиялық бакалавриаттың жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жоспарлауда, сонымен қатар ақылы негізде оқыту да көзделеді.

22.06.2021 ж.Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде университет ректоры Т.С.Нұрғожин мен қаржы директоры А.К.Өтегеновтың колледждің қолданбалы бакалавриат түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуде орта буын медицина қызметкерлеріне үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.

 

Байгазиева Мира Кайдаровна Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде көп жылдардан бері анатомия және физиология пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарып жүрген тәжірибелі дәрігер - оқытушылардың бірі.

Жас мамандарға медициналық білімнің негізі – анатомия және физиология пәндерін меңгерту жолында үлкен ізденіспен, оқытудың нновациялық технологияларының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып сапалы білім беруде. 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймынСіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз адамдарға одан да көп денсаулық пен пайдасын әкелсін. Әр үйде тыныштық пен береке болсын. Деніңіз сау, бақытты,табысты болыңыз!

 

 

2021 ж.8-9 маусымда БҚО әкімдігі мен "С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ" КЕАҚ-ның 2021-2023 жылдарға арналған "ынтымақтастық туралы Меморандум" шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша БҚЖМК мен С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірлескен жұмыс кеңесі өтті.

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі-31» тобының студенті Брызгина Наталья Ивановна 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасының қатысушы қонағы болды.

FaLang translation system by Faboba

Басқа мақалалар