Версия для слабовидящих Кәсіптік практика

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі 4 қабатты үлгі жобада салынған   ғимаратта орналасқан.

 

§  Жалпы көлемі – 7890.9 шаршы метрді құрайды

§  Оқу алаңы – 5000 шаршы метр;

§  Бір оқушыға 9.1 шаршы метрден келеді

Колледждің оқу-материалдық базасы  42 арнайы және кәсіптік кабинеттерден, 9 жалпы білім беру кабинеттерінен, 9 зертханадан, медицина кабинетінен, коммуникация үлкен-кіші (300 орындық жалпы көлемі 200 шаршы метр болатын) акт залы, жалпы көлемі 400 шаршы метр болатын спорт залы, 80 орындық  электрондық оқырман залымен біріккен  кітапханадан тұрады.

 

 

Спорттық іс-шаралар өткізіп, оқушылар мен қызметкерлерді сауықтыруға арналған  спорт  және тренажер  залы жұмыс істейді. Оқу ғимаратының аумағында типтік спорт алаңы бар. Жыл сайын  қажетті спорт құралдарымен толықтырылып тұрады.

 

 

Медициналық тексеру жыл сайын №6 қалалық емханада келісімшарт негізінде өткізіледі.Колледжде медициналық пункт жұмыс істейді.

 

Оқушыларды тамақтандыру 50 орынға есептелінген буфетте   ұйымдастырылған.

 

Барлық кабинеттер мен зертханалардың жабдықтандырылуы колледж бойынша тұтас алғанда жарақтандыру табеліне сәйкес 96% пайызды құрайды.

 

 

Қалалық, облыстық емдеу – алдын алу ұйымдарында  арнайы оқу пәндерінен  тәжірибелік сабақтар өткізуге  арналған 10 кабинет бар.

Медбикелік  технологиялар кабинеттері заманауи фантомдармен, жаттықтырғыштармен, қажетті медициналық құралдармен жабдықталған: тамыр соғысын өлшейтін электронды жаттықтырғыштар, клизмалар мен катетрларды қоюға арналған фантомалар,небулайзер аппараты, Бобров аппараты, орындық каталкасы,венепункцияға арналған нәресте моделі, бұлшық етке екпе жасауға арналған жамбас моделі, әйел(ер) жамбасының фантомы,асқазанға жалғастырылған бас фантомы, аяқ баспасы бар ходунок роляторы, сондай-ақ  сырқаттарға күтім жасау мен жедел медициналық көмек көрсету  заттары,  медициналық шкафтар, арнайы кереуеттер,  оттегі жастықтары, көрнекілік-әдістемелік материалдар, барлық мамандықтарға арналған  оқу-әдістемелік құралдар.

Мейіргер ісі пәнінде (тәжірибелік  сабақ)

  

Хирургия кабинеттері  екі оқу бөлмесінен тұрады.  Оқу кабинеттері тігіс жасау жабдықтарымен, жарақаттардың, күйіктердің, сынықтардың фантомаларымен,  көпатқарымды, жүрек-өкпе ауруларының «Максим-3» жаттықтырғыштарымен, ЖДЕ-ге арналған кеуде мүсіндерімен, аяқ-қолдарын жұмылдыруға арналған  пневматикалық шиналармен жабдықталған. Кабинетте  орталық үстелі,  бестенев шамы,  шыны шкафтары,  жалпы хирургиялық құралдардың топтамаларының үстелі, отаға арналған  материалдар, сыну және шығу кезінде бекітуге арналған шиналар, клизма жасауға арналған фантомдар, сут безінің ісігінің фантомдары, стомаларды күтуге арналған фантомдар, алғашқы көмек көрсетуге арналған қабырға стендтері бар.

Хирургия пәнінде (тәжірибелік сабақ)

   

Педиатрия кабинеттері түрлі жастағы  балалардың күтімін машықтау тәжірибелік сабақтарын  өткізуге арналған. Кабинетте балалардың күтіміне арналған заттар жүрек қағысы, тамыр соғысын, өкпенің жұмыс атқару мөлшерін  өлшеуге арналған заттары,  нерестелерді құндақтайтын үстелдер,жуындыруға арналған ванналар, нәрестелерге арналған кереуеттер,электронды таразылар, бой өлшегіштер бар. Аускультативті тренажер виртуальді стетоскоппен (5жастағы балаға арналған), шала туылған 30 апталық нәрестенің моделі, сәбилерге арналған журек –өкпе реанимациясымен манекен-тренажер,венопункцияға арналған сәби моделі, балаларды тамақтандыру тақырыбына арналған құрал- жабдықтар(жемістер, көкіністер жинағы) бар.

Балалар аурулары пәнінде (тәжірибелік сабақ)

  

Терапия және ішкі аурулар пропедевтикасы кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған: ішкі ағзаларды саусақпен, тықылдату, тыңдау арқылы  тәжірибелік машықтар жасауға арналған  көпатқарымды  симуляциялық  жаттықтырғыштары;  пациентке тәжірибелік қызмет көрсету  симуляциялық жаттықтырғыштары (жеке гигиена, қажетті жағдайға келтіру,  атқарымды жағдайын бағалау – тамырын, қан қысымын өлшеу).

Кабинеттерді  ішкі ағзалардың  ауру кезінде көрсетілетін  жедел  көмек көрсетуге арналған  тақырыптық суреттер мен   планшеттердің   толық  жиынтықтары бар.

Медициналық құралдар  жеткілікті көлемде: инфузия системалары,тартпалар, қалақшалар, пинцеттер, жеке гигиена заттары,  глюкометр, тонометр, небулайзерлер,ЭКГ аппараты, жүрек-өкпе ауруларының «Максим-3» жаттықтырғыштарымен, дәрілік заттардың жиынтықтары, компьютерлер бар

Ішкі аурулар пәнінде( тәжірибелік сабақ)

 

Анатомия, физиология, білім мен дағдыларды клиникалық іс-әрекетте қолдану принциптеріне бағытталған. Оқу үрдісін жоспарлауда теориялық дайындық пен тәжірбиелік дағдылардың оңтайлы байланысы патология кабинеті. Анатомия, физиология, патология пәндерін оқытудың жаңа бағдарламасы ескеріледі. Жаңа оқу әдістемесі оқу материалын меңгеруде дәстүрлі және иновациялық әдістерді қолдануды талап етеді. Тәжірибелік сабақ барысында сүйек- бұлшықет жүйесі бойынша адам қаңқасының бөлек сүйектері түріндегі биологиялық материалдар, асқорыту, тыныс алу, несеп-жыныс жүйесі бойынша муляждар, ылғалды препараттар және ішкі ағза плакаттары, сонымен қатар құрылғылар мен аппараттар кеңінен қолданылады. Пәндік кабинеттер осы бағытта жабдықталған.

 

 Акушерия және гинекология кабинеттері иновациалық талаптарға сәйкес толықтырылған және жаңартылған. Келесі жабдықтары бар: теледидар, 2 компьютер, кушеткалар, 2 гинекологиялық креслолар, акушерлік және гинекологиялық фантомдар,манекендер, босану имитатор тренажеры , балалар керуеті, ересектер мен балалардың бой өлшеуіштері және акушерлік-гинекологиялық манипуляцияларды жүргізуге арналған құралдар жиынтығы. Кабинетте  оқу-әдістемелік материалдармен, ҚР ДСМ нормативтік- құжаттамалар мен толықтырылған."Отбасын жоспарлау", " Қауіпсіз ана ", "Акушериядағы шұғыл көмек", "Некедегі бедеулік"стенділермен жабдықталған.

Акушерия және гинекология пәнінде( тәжірибелік сабақ)

 

Арнайы пәндер кабинеті: тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, коммуналдық гигиена, микробиология  және эпидемиология кабинеттері  заманауи құралдармен жабдықталған: барометр-анероид,  портативті  люксметр-радиометр, метеометр-МЭС, аналитикалық  және еден үстіндегі таразылар, ПШВ-80 шуөлшегіші, көпатқарымды секундомер,  кранды эксикатор,  рефрактометр,  сахариметр, патологиялық материалдарды  жинақтауға арналған  құрал-саймандары бар, дәрілік заттары мен тазалағыш заттары бар   медициналық шкафтар,  электр пеш,бактерицидтік шам, шыны ыдыстар,Петри табақшалары,лабораториялық ыдыстарды сақтайтын шкаф бар. Сұйықтықтарды тамшылатып құюға арналған  муляждар, термостат, тоңазытқыш, Ассман  психрометрі, РН – метр, метедеректер мен  ауадағы зиян заттарды анықтауға арналған ФЭК, «МЭС». Кабинет ҚР ДМ нормативті–реттеуші  құжаттамалармен, оқу-әдістемелік құралдармен, көрнекілік және насихаттау материалдарымен   жабдықталған.

 

 

 

 

ТЛФ, ОЭФ кабинеттері  жаңа стандарттармен жабдықталған. "Дәрілік нысандар технологиясы" пәні бойынша зертхана орталық су құбырымен (суық және ыстық сумен) қамтамасыз етілген. Жалпы ауданы- 60 ш.м. құрайды. Зертханалық ыдыстарды сақтауға арналған шкафтар, термолабильді дәрілік нысандарды сақтауға арналған тоңазытқыш, ауаны зарарсыздандыруға арналған кварц шамы бар. Білім беру процесін жүргізу үшін келесі жабдықтар: штангласты сақтауға арналған шкаф, бояғыш және иісті дәрілік заттар үшін металл шкаф, рефрактометр, гигрометр, таразы - өлшеу аспаптары,оқу үдерісін көрсетуге арналған теледидар және компьютерқарастырылған. Дәрілік заттарды дайындауға арналған қосалқы материалдары бар ассистенттік үстелдер. Колледж фойесінде оқу дәріханасы құрылып, жұмыс істейді.Дәріханалық құжаттармен жабдықталған: түрлі салмақты дәріханалық таразылармен, ТК-2   сұйық емдік формалы  аппараттарды бөліп салғыштармен, Мор таразысымен, дозатор-қасықпен. Берілген заттардың барлық бөлімдері бойынша  оқу-әдістемелік әдебиеттер бар. Кабинетте жеткілікті мөлшерде фармакологиялық құралдарға түсініктемелер бар, фитотерапиядан материалдар кеңінен қойылған, жаңа емдік формалар мен емдік өсімдіктер бойынша витраждар жабдықталған.

Дәрілік нысандар технологиясы пәнінде(тәжірибелік сабақ)

Бейорганикалық, органикалық және аналитикалық химия жаңа стандарт  бойынша жабдықталған. Кабинетте  аквадистиллятор, аналитикалық таразылар, микроскоп,  тартылмалы шкаф,  компьютер, пәндердің барлық  бөлімдері бойынша  аудио-визуалды метариалдар  бар. Кабинет оқу кестелерімен (Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің кестесі, металдардың қысым қатары, заттардың еру кестесі және т.б.) көрнекілік және қолданбалы материалдармен  жабдықталған.

Химия пәнінде( тәжірибе сабақ)

 

 

Білім беру қызметтері сапасының мониторинг орталығы  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың білімін бақылау және  оқушылар мен оқытушылардың өзіндік жұмысы арқылы оқу процесінің тиімділігін арттыру  формаларының бірі болып табылады.

 

Оқу процесінің мониторингтік жүйесін техникалық қамтамасыз ету мыналарға арналған және бағытталған:

 

♦ клиникалық оқу пәндері бойынша электрондық тасымалдауыштарда теориялық және тәжірибелік сабақтар (медициналық  көріністерді орындауда дәріс тұсаукесерлері,  оқу фильмдері,  стандарттар) өткізу үшін  екі интерактивті тақтаны  оқу және  аудиобейне  материалдарымен ресурстық қамтамасыз етуге;

 

♦ әкімшілік мүшелерінің қатысуынсыз,  бейнебақылау арқылы клиникалық және арнайы оқу пәндері бойынша ашық сабақтарды, емтихан мен сынақтарды қабылдау  кездерін көрсетуге;

 

♦ оқытушылар мен оқушылардың өзіндік білім алу жұмыстарын электрондық тасымалдауыштардағы анықтамалармен, энциклопедиялармен, оқу-танымдық фильмдермен, ақпараттық материалдармен  әдістемелік қамтамасыз етуге;

 

♦ тәжірибелік сабақтарды өткізу сапасының мониторингі мен бақылауына;

 

♦ оқушылардың білімдері мен машықтарының  ағымды, рубежді және қорытынды бақылауыныңы тексерісін өткізуге;

 

♦ қолда бар тест тапсырмалары арқылы   және клиникаға дейін тәжірибе  кабинеттерінде оқытушысыз босатылған теориялық және  тәжірибелік сабақтардың  орнын толтыру жұмыстарын ұйымдастыруға;

♦ әр оқытушы мен оқушының қажеттіліктеріне сәйкес Интернет материалдарына қол жетімділігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа мақалалар