Версия для слабовидящих Жастар істері жөніндегі комитет

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

 

       Жастар істері жөніндегі комитеті (ЖІК) студенттік өзін-өзі басқару формасы болып табылады және білім беру үдерісін басқаруда, студенттер өмірінің сұрақтарын шешуде, оның әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін дамытуда, әлеуметтік бастамаларды қолдануда және іске асыруда студенттердің құқыларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

 

Жастар істері жөніндегі комитетінің жұмысының мақсаттары және міндеттері:

 

• студенттердің колледжді басқаруда, білім алушылардың әлеуметтік қорғалу және олардың әлеуметтік бейімделуге көмектесуде құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету;
• студенттерде өзін-өзі басқару ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оларды құзыретті және жауапты қоғам өміріне қатысуға дайындау;

 

• студенттердің азаматтық мәдениетін, белсенді азаматтық ұстнымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін, дербестігін, өзіндік ұйымдастыру және өзіндік даму мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу;

 

• студенттердің жеке және кәсіби қасиеттерінің жетілуіне көмектесу;

 

• жастар саясатына студенттердің тікелей қатысуы.

 

Жастар істері жөніндегі комитетінің жұмыстарын жалпы басқару қызметін Жастар ісі жөніндегі инспектор атқарады.

 

Жастар істері жөніндегі комитетінің секторлары:

 

• оқу секторы оқу үдерісін зерттеумен және талдаумен айналысады;

 

• ғылыми-зерттеу секторы колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу әлеуеттерін ашуға, зерттеу жұмыстарының танымал етуге көмектеседі;

 

• спорт-сауықтыру секторы спорт шараларының ұйымдастырылуына, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға жауапты, спортшылардың спорт шараларына қатысуларына мүмкіндік жасайды;

• көпшілік мәдени секторы колледжде өтетін шараларды ұйымдастырады, студенттердің өз әрекетін өзгертеді және жетекшілік етеді;

Өтеуов Нұрсұлтан Наурызғалиұлы

Жастар ісі жөніндегі инспектор

Минкеева Бакыт Давлеткалиевна

Мәдени-шығармашылық жұмыстар жөніндегі эдвайзер

Дюсембеева Камила Бауржановна

Жастар саясаты және еріктілер қозғалысы жөніндегі эдвайзер

Губашева Шынар Сериковна

«Саналы ұрпақ» және «Фемида» дебат клубтарының жетекшісі

Шакирова Айнур Нурбулатовна Хатшы  ЖІК

Басқа мақалалар