Версия для слабовидящих Сестринское дело

 

 

 

 

 

 Құрметті әріптестер, аналар, барша әйел қауымы!

   Жер мен көкті қуаныш пен гүл шоғына орап аңсай жеткен көктем мен 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын, аяулы арулар!

Ана қуанышы, әйел қуанышы  -  әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, еңбекте жеміс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін!

 

 

    Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Білім басқармасы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жанынан құрылған білім беру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін облыстық Call-орталығының байланыс нөмірі 8 (7112) 31-23-38 және 87471127407 телефондары, callcenteredu@qmail.com

Авторизация

 «Мейіргер» - жәй медициналық қызметкер емес, ол – жаныңа жақын досың, жанашырың, тіпті туыс адамың.

Сестра... какое трогательное название дано этой медицинской профессии. Сестра не просто медицинский работник, сестра - близкий, свой, родной человек.

The nurse is the wonderful theme of nursing profession. The nurse is not a medical worker; she is a familiar, near person.

Н.А. Семашко

«Медбикелік іс-І»

   Білім беру қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 09.12.2016 жылғы № KZ88LAA00007929 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылып отыр.

   Бүгінгі таңда заман талабына сай «Мейіргер ісі» мамандығының «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі аса қажетті болып саналады. Осы қажеттілікті жүзеге асыру мақсатында «Мейіргер ісі» бөлімі қарқынды жұмыс үстінде. Бөлімнің мақсаты – медициналық мамандық бойынша теориялық білімі және тәжірибелік дағдылары шыңдалған мейіргерлер даярлау. 

   Соңғы 5 жыл ішінде біздің мамандық бойынша студенттер санының едәуір өсуі байқалып отыр. 150 ден – 557 ге, ол барлық колледж студенттерінің 50 % құрайды, сондай-ақ  студенттердің мемлекеттік тілде оқитындар құрамы да артты, 125 тен – 450 студентке дейін. Бұл көрсеткіш - 80 % құрайды. Бөлімдегі топтар саны да 7 ден-23 топқа дейін жетіп отыр. Барлық оқу кезеңінде колледждегі білім алушылардың  сандық құрамын сақтау бойынша мониторинг жүргізіледі.

   Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 1930 жылы алғашқы түлектерін шығарды. Бүгінгі таңда 8300 ден астам жоғары білікті мейірбикелер бітіртіп шықты. Олар тек біздің облыста ғана емес Республиканың түпкір-түпкірлерінде, көптеген Ұлттық медициналық холдингтерде, атап айтсақ, Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығында, Нейрохирургиялық ұлттық орталық, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтарында абыроймен қызмет атқарып жүр.

«Жалпы тәжірибедегі  мейіргердің» біліктілік бойынша кәсіптік қызметінің аясы:

Жалпы тәжірибедегі мейіргер дәрігерге дейінгі медициналық және медициналық-әлеуметтік көмекті жүзеге асырады, соның ішінде мына медициналық көмектерді көрсетеді:

        -Алғашқы медико-санитарлық көмек; 

        -Стационарлық көмек;

-Стационардыалмастыратын көмек;

        -Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек;

        -Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

        -Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім.  

 Медициналық көмек көрсету барысында төмендегі манипуляцияларды орындайды:

- Облыстық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның реттеуімен өз құзыреті шеңберінде науқастарды қабылдау;

- облыстық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның реттеуімен өз құзыреті шеңберінде созылмалы ауруы бар науқастарды динамикалық бақылауын жүргізуге қатысуы;

- дәрігерге дейінгі тексеру жүргізу, амбулаториялық картасында жазбасын өз құзыреті шегінде жазу, оның ішінде АД өлшеу, пикфлоуметрия, термометрия, эспресс-глюкометрия, ДВГ, антропометрия;

- облыстық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның реттеуімен өз құзыреті шеңберінде патронаждық қызметті атқару;

- үйге барып балалармен, қарттармен, созылмалы ауруы бар тұрғындарды диспансерлік тексеріске шақырып профилактикалық шараларды жүзеге асыру;

- Екпенің Ұлттық күнтізбесі және эпидемиологиялық көрсетілімдерге байланысты иммунизациялауды жүргізу;

- Сауықтыру мектептерінде, профилактикалық кабинеттерде оқыту өткізу;

- Мейіргерлік үрдісті жүзеге асыру;

- Жіті және созылмалы ауруларда, жарақаттарда, улану мен басқа да шұғыл жағдайларда науқастарға дәрігерге дейінгі және шұғыл көмек көрсету.

- Науқасқа күтім көрсетуде мейіргерлік процестің негізгі кезеңдерін құжаттау және іске асыру;

- Медициналық мекемелердің құрылымдық бөлімдеріндегі науқастар мен медициналық қызметкерлердің жұқпалы ауру жұғу қауіпсіздігін, инфекциялық қадағалау талаптарын орындау;

- Ауруханаларда дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық, емдік, диагностикалық шараларды орындау;

- Кәсіптік қызметінде білімін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа технологияларды қолдануды үйрену;

- Аурухананың құрылымдық бөлімдерінің және амбулаториялық – емханалық мекемелердің  есепке алу – есеп беру құжаттарын рәсімдеу;

- Коммуникативтікқарым-қатынасдағдыларынигеру;

- Дәрігердің амбулаториялық қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастыру (жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды, бланкілерді дайындау, алдын ала анамнез жинауды және қарауды жүргізу);

- Зертханалық, функционалдық, аспаптық әдістер мен зерттеуге науқасты дайындау және т.б.


   Колледжде педагогикалық ғылымды дамыту, ғылыми-тәжірибелік денсаулық сақтауды өркендету мен бөлімді басқарудың әдістері мен формалары да жетілдірілуде. Көп жылдар бойы алдымен училище, кейін колледжде бөлім меңгерушелері болып А.И.Пуховой, Шунаева Б.К. Рашева Т.Т,  Имангалиева Р.Г., Елеуова Р.Т, Умаргалиева Л.А.  Алибаева Г.А. қызмет атқарды.

2013-2014 оқу жылынан бастап бүгінгі таңда «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің жоғары санатты оқытушысы А.С.Мухамбетжанова бөлімді басқарып отыр.

 

 

 «Медбикелік іс-І» бөлім меңгерушісі

Мухамбетжанова Асылзада Сапаргалиевна

 

 

Басқа мақалалар