Версия для слабовидящих Прикладной бакалавр Сестринского дела

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

«Мейірбике ісі» мамандығы «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша
білім беру бағдарламасы

 

Қолданбалы бакалавриат  білім беру бағдарламасы «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша мамандар дайындауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім беру;
    Қолданбалы бакалавр
– орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғаларға берілетін біліктілік;
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице – министрінің 23.06.2014 жылғы ««Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын эксперимент тәртібінде енгізу туралы» № 417 бұйрығына сәйкес 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап   Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі базасында жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице – министрінің 4 мамыр 2016 жылғы  № 06-1-22/2890-4 хатына және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20 шілде 2016 жылғы «2016 – 2017 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты жариялау туралы» №639 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы  1 қыркүйектен бастап, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің базасында  «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «қолданбалы бакалавр» біліктілігіне жеделдетілген білім беру  бағдарламасы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылып отыр. Бұнда жұмыс істеп жүрген мейірбикелер білім ала алады. Бұл мамандарға өндірістен қол үзбей жоғары білім алуға мүмкіндік береді.
     «Мейірбике ісі» мамандығы қолданбалы бакалавриат бойынша орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты білім алушылардың төмендегі құзіреттіліктерді меңгеруін қарастырады:
    Базалық (негізгі) құзіреттілік:
     БҚ-1 Оқу
     БҚ-2 Кәсібилік
     БҚ-3 Коммуникативтілік
     БҚ-4 Жаңалықтар


    Кәсіби құзіреттілік:
     КҚ-1 Клиникалық мейірбике ісі
     КҚ-2 Ғылыми көзқарас және дәлелді мейірбикелік тәжірибе
     КҚ-3 Менеджмент және сапа
     КҚ-4 Денсаулықты нығайту
     КҚ-5 Оқыту және басқару

«Мейірбике ісі» мамандығы қолданбалы бакалавриат білім бағдарламасы бойынша орта білімнен кейінгі білім алған тұлғаларға «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріліп,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28 қаңтар 2015 жылғы №39 бұйрығымен бекітілген білім алғаны туралы (мемлекеттік үлгіге сәйкес қосымшасы бар (транскрипт)) мемлекеттік үлгідегі құжат табыс етіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген №10348).

Орта білімнен кейінгі білім берудің маңыздылығы:
     -  мамандардың кәсіби қызметін өз бетімен орындауға дайындығы;
     - еңбегінің нәтижесін бағалай білуі;
     - өз бетімен шешім қабылдай білуі;
     - теориялық білімінің, біліктілігінің, дағдыларының қажетті деңгейде қалыптасқандығы;

Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының толық курсын аяқтап, қорытынды аттестациядан сәтті өткен тұлғаларға «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.

 

«Мейірбике ісі» мамандығы
«Қолданбалы бакалавр» бөлім меңгерушісі

Алибаева Гаукар Аушатовна

Басқа мақалалар