Версия для слабовидящих Лечебное дело

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

 «ЕМДЕУ ІСІ» бөлімі

 Ересек тұрғындарға және балаларға дәрігерге дейінгі, емдік-сақтандыру көмек көрсету жұмысында денсаулық сақтауды мамандармен қамтамасыз ету үшін колледждің 0301013 «Фельдшер» және 0301023 «Акушер(ка)» біліктіліктерімен «Емдеу ісі» мамандығы бойынша студенттерді дайындау жүргізіледі.

 Бағдарламаны меңгерудің нормативтік мерзімі:

 

Қабылдаудың білім базасы

 

Біліктілік атауы, коды

Біліктілік деңгейі бойынша білім беру оқу бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі

Жалпы орта білім базасында

0301013 «Фельдшер»,

0301023 «Акушер»

2 жыл 10 ай

  Оқыту мерзімі аяқталғаннан кейін түлекке «Фельдшер» және «Акушер(ка)» біліктілігімен орта буын маманның дипломы берілді. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы – күндізгі.

  0301013 «Фельдшер біліктілігі бар бітірушілердің кәсіби қызметінің түрлері:

 -  ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулатория (ДА), фельдшерлік-акушерлік пунктер (ФАП), Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары (АМСК) жағдайларында емделушілерге емдеу-диагностикалық, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге қатысу;

 -  емделуші жағдайын бағалау және қатты аурулар мен қайғылы оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету;

 -  эпидемияның шұғыл жағдайларында, жаппай зақымдану ошақтарында халыққа медициналық көмек көрсету;

 -  жаппай зақымданудың жаңа технологияларын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын пайдалану;

 -  емделушіні оңалтуға қатысу және әлеуметтік қорғау органдары және қайырымдылық қызметтерімен бірге жалғыз бастыларға, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы аурумен ауратын адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру және оларды интернаттарға, хоспистерге орналастыру;

 -  емделушілермен және олардың туыстарымен ынтымақтасу, емделушілердің құқықтарын сақтау және түрлі жас ерекшеліктері топтарындағы халықтың денсаулығын нығайту және сақтау жөніндегі шараларды өткізу;

 -  емделушінің денсаулығы үшін қауіпті факторлар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) мәселелері және олардың денсаулыққа әсерін азайту мәселелері бойынша халыққа кеңес беру;

 -  емделуші мен оның отбасын күтімнің түрлі жас ерекшелік кезеңдерінде денсаулықты қолдау мәселелері бойынша оқыту;

 -  ерте жаста балаларды тамақтандыру (омыраумен тамақтандыру, қосымша тамақтандыру), психологиялық-әлеуметтік даму, шынықтыру, балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектепке, кәсіби бағдарға дайындау мәселелері бойынша консультациялар жүргізу;

 -  түрлі жас ерекшеліктеріндегі балалардың жүйке-психикалық дамуы, иммунопрфилактика, диспансерлік диагностика мәселелері бойынша консультациялар жүргізу;

 -  зерттеудің заманауи әдістерін қолдану арқылы диагностика мен дифференциалды диагностиканы жүргізу, сонымен қатар балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын алу;

 -  АМСК ұйымдарында нормативтік медициналық құжаттарды рәсімдеу;

 -  әріптестермен ықпалдасу және ынтымақтасу;

ауруларды алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау;

 «Емдеу ісі» бөлімінің білім алушылары тәжірибелік сабақта

 

 

 

«Акушер» біліктілігі бар бітірушілердің кәсіби қызметінің түрлері:

 -  жүкті әйелдерге, жас босанған әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге, түрлі бейіндегі акушерлік және гинекологиялық бөлімдердегі, перинаталдық орталықтардағы және ана мен баланы қорғау орталықтарындағы, әйел консультацияларындағы, диагностикалық қосалқы қызметтер мен стационарлық және емхана типті медициналық ұйымдар бөлімдеріндегі гинекологиялық аурумен ауратындарға емдеу-диагностикалық көмек көрсету;

-  асқынбаған босану кезінде өз бетімен, ал босану, босанудан кейінгі патология кезінде акушер - гинеколог дәрігермен бірге медициналық көмек көрсету;

-  қызметінің бейіні бойынша қатты аурулар және қайғылы оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі жедел медициналық көмек көрсету;

-  бөлімдегі (әйелдер консультациясында, кабинетте) санитарлық - гигиеналық және санитарлық - эпидемиологиялық тәртіптерді сақтау;

-  тиісті бөлімге арналған белгіленген медициналық құжаттарды рәсімдеу;

-  эпидемияның шұғыл жағдайларында, жаппай зақымдану ошақтарында халыққа медициналық көмек көрсету;

-  гинекологиялық ауруларды анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеру (дәрігермен бірге немесе өз бетімен);

-  емделушінің өмір сүру жағдайы мен сипатын есепке ала отырып, емделушінің, отбасының, қоғамның денсаулығы үшін қауіпті физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени факторларды анықтау;

-  контрацепцияның, қалаусыз жүктілікті алдын алудың, оның ішінде жасөспірімдер арасында, және жыныстық жолмен берілетін ауруларды алдын алудың заманауи әдістерін енгізу туралы шаралар өткізу;

-  акушерлік-гинекологиялық бейіндегі медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімдерінде емделушілер мен медициналық қызметкерлерді инфекциялық бақылау және инфекциялық қауіпсіздік жүйелерін жүзеге асыру.

 «Емдеу ісі» бөлімінің білім алушылары тәжірибелік сабақта

 

 Фельдшер және акушер кәсібі жоғары қауіпті болжайтын адам қызметінің саласына жатады. Осыған байланысты мамандарды тәжірибелік дағдыларға дайындау барысында симуляциялық технологиялар кеңінен қолданады. Колледждің оқу-клиникалық орталығында тәжірибелік сабақтарды пациентті имитациялайтын жоғары классты робот-манекендер арқылы іске асады.

Студенттер мультимедиялық оқыту құралдарын, электрондық оқулықтарды белсенді пайдаланады.

«Емдеу ісі» бөлімі  ауруханада, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, фельдшерлік-акушерлік пунктерде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек  орталықтарында, шет елдік компанияларда, жедел-жәрдем станцияларында жұмыс жасайтын білікті орта буынды медицина қызметкерлерін - фельдшерлер мен акушерлерді дайындайды.

Колледжде мамандарды дайындаудағы талаптарды жүзеге асыруға арналған практикалық оқытудың жағдайларын оңтайландыруға, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде денсаулық сақтаудың орта буын мамандарын сапалы дайындауға жауапкершілікті қалыптастыруға, студенттерді кәсіби қызметке дайындауға, бітірушілердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін әлеуметтік әріптестік жүйесі жасалған. Колледждің негізгі әлеуметтік әріптестері БҚО-ның емдеу-профилактикалық мекемелері болып табылады.

«Емдеу ісі» бөлімінде 54 штаттық оқытушы қызмет жасайды. Олардың 51,1% жоғарғы және бірінші санатты мамандар. Олардың ішінде: 1 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 – магистр, 1 - «Ағарту үздігі», 10 - «Денсаулық сақтау үздігі», 1- «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталған, 1 - «Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен» марапатталған, 1 - «С.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университеттің құрмет грамотасымен» марапатталған, Республикалық, аймақтық және облыстық байқаулар жеңімпаздары: 5 - «Үздік жыл оқытушысы».

 

Соңғы үш жылда «Емдеу ісі» бөлімі түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері:


 

"Емдеу ісі" бөлім меңгерушісі:

Темиралиева Нурлы Амановна

 

 

 

 

Басқа мақалалар