Версия для слабовидящих Гигиена және эпидемиология

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

МАМАНДЫҚ 0303000 «Гигиена және эпидемиология»
БІЛІКТІЛІК 0303013 «Гигиенист – эпидемиолог»


«Гигиена и эпидемиология» мамандығы бойынша мамандар дайындау Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде 1975 жылдан бастап жүргізіледі. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Колледж бітіргеннен соң түлектерге «Гигиенист–эпидемиолог» біліктілігі беріледі. «Гигиенист–эпидемиолог» маманы өзінің кәсіптік қызметін  санитарлық-профилактикалық мекемелерде, дезинфекциялық станцияларда, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында, обаға қарсы станцияларда және емдеу мекемелерінде эпидемиолог ретінде істей алады. МЖМБС талаптарына сай гигиенист-эпидемиолог маманы санитарлық дәрігер көмекшісі, эпидемиолог (паразитолог), энтомолог көмекшісі, нұсқаушы-дезинфектор, денсаулық сақтау саласындағы нұсқаушы лауазымын атқаруға құқылы.
   Медициналық колледждің түлегі міндетті: нысанды гигиеналық және эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, акт рәсімдеу; санитарлық бұзылыстар туралы хаттаманы дайындау; тамақ, су, топырақ, ауа, шикізат, бұйымдар мен материалдарды зертханалық зерттеулерге алу; қолданыстағы заңға сәйкес инфекциялық науқастар мен бактериялық тасымалдаушыларды  ауруханаға  жатқызуды міндеттеу.
   Теориялық сабақтар колледж  аудиторияларында, ал тәжірибелік сабақтар колледжде және ҚДСД арнайы жабдықталған оқу бөлмелерінде жүргізіледі.
   Сабақтар үшін қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер бар. Колледжде мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін Интернет желісіне қосылған компьютерлермен және көшірме техникасымен жабдықталған.
   Оқу үдерісін 17 штатты оқытушылар жүзеге асырады, олардың 9-ы - жоғары және бірінші санатқа ие (53%). Барлық оқытушыларда  тиісті базалық білімі бар. Соңғы бес жылда біліктілік  арттырумен  қамтылуы 59%.
   МЖМБС сай «Гигиена және эпидемиология» мамандығы үшін колледжде үлгілік жабдықтар кестесіне сәйкес 19 жалпы білім беру кабинеттері мен қажетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықталған 3 зертхана бар.
   Оқытушылар оқу үрдісінде кәсіптік қызметті модельдеу кеңінен қолданады. Гигиеналық пәндер бойынша пәндік апталар жыл сайын өткізіледі. Гигиеналық пәндер апталығында колледж білім алушылары  арасында дөңгелек үстелдер, конференциялар, кәсіби жарыстар және санитарлық –ағарту шаралары өткізіледі.
   Топтар мамандық бойынша пәндік апталарда, КТА, денсаулық күндері, колледж спорттық іс-шараларына және қалалық шараларға белсене қатысады. Жыл сайын 3 курс білім алушылары  арасында тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен «Ең үздік мамандық иесі» байқауы өтеді, сондай-ақ пәндік апталар барлық гигиеналық пәндер бойынша өткізіледі. Болашақ эпидемиологтар қалалық іс-шара аясында қаламыздың басқа колледждер студенттерін шақырып «Туберкулездің алдын алу» дөңгелек үстелін өткізеді.
   Бөлімшеде арнайы пәндер бойынша «Эпидемиолог» және «Гигиенист» үйірмелері жұмыс істейді, онда үйірмешілер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізін, соңғы жылдары жүлделі орындарды иеленуде.
   Колледжде медициналық бөлме жұмыс істейді, мұнда білім алушыларға оқытудың барлық кезеңінде (медициналық сараптама, мамандар тарапынан медициналық сараптама, вакцинация, флюорографияға жіберу, жыл сайынғы медициналық тексеру) медициналық көмек шаралары жүргізіледі.
   Бөлімше білім алушылары «Мейірімділік» іс-шараларына қатысады, мектеп-интернаттарға, қарттар үйіне барады, салауатты өмір салтын насихаттаумен, жастар арасында әлеуметтік мінез-құлықты болдырмау шараларымен айналысады.
   Оқытушылармен бірге білім алушылар санитарлық бюллетендер байқауына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, сайыстарға қатысады, «ВИЧ-СПИД проблемалары», «Есірткі жоқ!», «Темекі шегуден бас тарту», ​​«Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» және т.б. тақырыптық тәрбие сағаттарын өткізеді. Осының барлығы ағартушылық, денсаулық сақтау, денсаулықты сақтаудың тәжірибелік дағдыларын, салауатты өмір салтын түсіну дағдыларын игеруге көмектеседі.
   Негізгі міндеттердің бірі - түлектерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру және оларды жұмыс орнында бекіту. Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің түлектері қала және облыс  еңбек нарығында сұранысқа ие.
   Жыл сайын сәуір айында медициналық колледж  базасында түлектер мамандықтары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қалалық және аудандық медициналық ұйымдардың өкілдері қатысуымен  «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіледі. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуының соңғы жылдары 85 пайыздан асады.
   Колледж түлектерінің соңғы 5 жылда жұмысқа орналасуы

Мамандық

Жылдар

Түлектер саны

 

Оның ішінде жұмысқа орналасқаны

Пайыздық үлесі

1

0303000  «Гигиена және эпидемиология»  мамандығы.

Біліктілік 0303013 «Гигиенист – эпидемиолог».

2012-2013

24

15

62,5 %

2013-2014

-

-

-

2014-2015

19

17

89,4%

2015-2016

-

-

-

2016-2017

21

13

61,9

 0303000 - «Гигиена және эпидемиология» мамандығы; 0303013 «Гигиенист – эпидемиолог» біліктілігі түлектерінің жұмыс орнына келуін бақылау.

«Гигиена және Эпидемиология» бөлім меңгерушісі
Утеулиева Дана Забухановна

 

 

 

Басқа мақалалар