Версия для слабовидящих Колледж тарихы

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж тарихы

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасының медициналық білім берудің бастауында тұр. 1916 жылы Орал қаласында алғашқы рет қазақ жеріндегі болашақ дәрігерлерді оқыту басталды, тек 16 жылдан соң ғана, облыстық денсаулық бөлімдері басшыларының 4-съезінен кейін Қызылорда қаласында басқа медициналық оқу орындары ашыла бастайды.

Мұрағат құжаттары өскелең ұрпаққа білім беретін және бірнеше жылдар бойы бірнеше мыңдаған түлектерді бітіртетін оқу орнының тарихы туралы шер толқиды. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің тарихы 1916 жылдан бастау алады.

Еділ мен Жайық арасындағы аймақ ғасырлар бойы обаның ошағы болды. Тек 20 ғасыр басының өзінде орталық Поволжье облыстарына дейін тараған ірі эпидемия екі мәрте болды. Бұл жағдай біздің өлкемізге эпидемиямен күресу, зерттеу, сараптау жұмыстарын жүргізу үшін дәрігерлердің келуіне себепші болды. Дәрігерлер өздеріне көмекші орта буын медицина қызметкерлерін дайындай бастады, кейбіреулерін Қазан, Воронеж қалаларына жіберді. Әскери дәрігерлер көмекшілерінен басқа аз-аздап әскери лазареттер де дайындалды. Мысалы: Екінші лазареттің оныншы полк дивизиясының фельдшерлік мектебі немесе үшінші Орал полкі әскери ауруханасы жанындағы фельдшерлік мектеп. Осындай мектептерден дайындалған медициналық кадрлар қатары жылына 15-20 адамға көбейіп отырды. 1912 жылдан бастап Орал губерниясында дәрігер эпидемиолог, ғалым-Григорий Иванович Кольцов жұмыс жасады. Бұл кезде елде оба ауруының өршіп тұрған кезі болатын. Медициналық кадрлардың оба мен холера эпидемиясының алдын алуға,  жоюға шамасы келмейтінін түсінді.

Содан медициналық мектеп ашу туралы Зем басқармасына қолдау хат жолдайды, ол қолдау тауып 1916 жылы «Листокъ Уральскі» газетінде мынадай хабарландыру жарияланады. «Земская фельдшерско-акушерская школа открывается въ городе Уральске съ 1 ноября 1916 года, курс ученья для фельдшеров-3 года, для фельдшеров-акушеров-4 года. Принимается обоего пола, не моложе 14 летъ, окончившие 4 класса женской гимназии, реального и коммерческого училища, окончившие польный курс духовных училищъ, ремесленной и сельско-хозяйственной школы и высшихъ начальных училищъ и имеющие свидетельства на звание учителей и учительниц. Для лучших учеников выдаются стипендии в размере 250 р. в год». Сөйтіп  Қазақстан территориясында Орал Зем ауруханасының жанынан дәрігер Г.И.Кольцовтың ұйымдастыруымен 4 жылдық фельдшерлік-акушерлік мектеп  ашылады.

1919 жылы ГОНО мәжілісінде мектептерде білім беру сатысы бойынша бөлген кезде, фельдшерлік мектепті ІІ –сатыға жатқызады. 1919 жылы 6 тамыз айында облыстық денсаулық сақтау басқармасында алқа мәжілісінде Саратов Университеті проректорлары А.В. Генке мен П.Н. Острецовты аталмыш мектептің лекторы ретінде қатысатын бірінші және екінші кеңес ауруханаларына проректор лауазымына шақыру туралы мәселелер шешілді. Осы жылдың күз айында фельдешрлік-акушерлік мектептің 2 курс оқушыларын Орал , Калмыков, Ілбішін уездеріне шешекке қарсы егу жұмыстарын жүргізуге, ал қалған 3 курс оқушыларын Чапаев дивизиясына, 1 Қазақ кавалериялық бригадаға емшінің көмекшісі етіп жіберіледі.

1919 жылы желтоқсан айында екі, төрт, тоғыз айлық соғыс кезінің мейірбикелерін даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады.

1920 жылдың 10 сәуірінен бастап, И.Г. Кольцов бөртпе сүзегінен қайтыс болғанынан кейін фельдшерлік-акушерлік мектепті Александр Васильевич Генке басқарады. Ол соғыс кезінің мейірбикелерін даярлайтын 20 айлық курстар ашты.

1921 жылы Орал фельдшерлік-акушерлік мектебінің өзінің штампы, мөрі және оқытушылар мен оқушылардың тізімі болды. Бұл кезеңде фельдшерлік-акушерлік мектепке жұмыс істеуге атақты дәрігерлер Степанов, ағайынды Тимофеевтер келді. 1921 жылы мектептің директоры болып В.С.Пономарев тағайындалды.

1923 жылы Қаз КСР Наркомздрав алдында жергілікті халықтың тілін, тұрмысын, өмірін білетін медициналық кадрлар даярлау туралы мәселелер қаралды. Бұл мәселе Орынбор қаласында өткен Бүкіл қырғыздық денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушілерінің ІІІ съезінде толық қолдауын тапты.

 

1923 жылы БООК жарлығымен Орал қаласындағы фельдшерлік мектепті жауып, Қаз КСР астанасы – Орынбор қаласына көшіру туралы шешім қабылданады. Сол кезден бастап, фельдшерлік – акушерлік мектеп «Қазақ өлкелік медициналық техникумы» деп аталды.

«Қазақ өлкелік медициналық техникумы туралы» Ережеге сәйкес оқу орны өлкеге медициналық қызмет көрсететін медициналық қызметкерлер дайындады.Оқу мерзімі – 4 жыл. Техникум жанынан жергілікті қазақ халқының баларын оқытатын бөлім ашылды.

1929 жылы тамыз айында техникум Орал қаласына қайта көшіріп, Орал медициналық техникумы деп аталды.Сол жылдары техникум директоры Михаил Павлович Баталов болды. Сонымен қатар  тіс дәрігерлік және мейірбекелік бөлімдер ашылды.Медициналық техникумда дәрігерлер: Любин, Келлер,Зобин, Шнибеков,Башмачникова, М.М. Скачкова, Любавин , Остряков, Сүндеткалиев, Никушин және басқада дәрігер – оқытушылар еңбек етті.

Мұрағат құжаттары бойынша 1929 жылдан бастап фельдшерлер мен акушерлер мамандығын бітіруші түлектер үнемі шығарылып тұрған. 1930 – 1931 оқу жылында оқу бітірген түлектер тек батыс аймағына ғана емес, сонымен қатар Павлодар, Қостанай, Ақмола,  Қызылорда, Семей,Алматы, Орынбор қалаларына жіберілген. Бұл Орал  медициналық техникумының маман даярлауда сол кездері Республикада маңызды роль атқарғандығын көрсетеді.

Техникум медициналық кадрларды дайындай отырып өзі де дамыды, ұлттық кадрлар дайындалды, оқытудың жаңа әдістері енгізілді, дәрігерлердің дайындауымен жаңа бағдарламалар жасалды, лекциялық әдістің орнына семинарлық, зерттеу, лабораториялық әдістер қолданылды.

1932 жылы Қазақ өлкелік медициналық техникумына Қазнаркомздравтан тіс дәрігерлік бөлімін ұйымдастыру туралы қатынас қағаз келеді.1934 жылы қаңтарда техникум алғаш рет Қазақстан бойынша 17 тіс дәрігерін шығарды.Сөйтіп жаңа бөлімдер ашыла бастады.

Сол кездегі техникумнің ерекшелігі мен өзгешелігі оның басқа техникумдер сияқты дәрігердің жетекшілігімен жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлерді емес, периферияда өз бетімен жұмыс жасайтын дәрігер көмекшілерін дайындағанында болды, сондықтан оқыту мерзімі 4 жылдық болды, ал бағдарламасы елдегі басқа оқу орындарынан өзгешеленді.

Бұған 1930-1931 жылдардағы республикалық мәжіліс материалдары куә болады, олардың бірінде «Қазақстанда дәрігерлік кадрларды дайындау туралы» мәселе тұрды және Қазақ өлкелік техникумі тек Қазақстандағы оқу орындары арасында емес, сондай-ақ РСФСР-да да орны ерекше екені аталған.

1935 жылы медициналық техникум фельдшерлік – акушерлік мектеп болып қайта өзгертіледі. 1954 жылы фельдшерлік-акушерлік мектептің атауы қайта өзгертіліп, медициналық училище болды. Бұл атау 1996 жылдың 14 маусымына дейін сақталды.

1960 жылы дипломы бар фармацевттердің қажеттілігін ескере отырып, фармация бөлімі ашыларды, ал 1975 жылы алғаш рет санитарлық-фельдшерлік бөлімге оқушылар қабылданады. 1989 жылдан бастап орта медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша бөлім жұмыс жасай бастады.

1996 жылдан бастап бұл оқу орны «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» деп аталды. Оқу орнын басқарған басшылар: Г.И. Кольцов (1916-1920 ж.ж.), А.В. Генке (1920-1922ж.ж), В.С.Пономарев (1922), И.В. Степанов (1922-1923ж.ж), М.А. Кутин (1923-1924), М.Т.Баталов (1924-1931ж.ж.) Зобнин (1931-1932ж.ж.), И.З. Шнибеков (1932-1936ж.ж.) , М.Сундеталиев (1937-1938), Е.А.Шипулин (1937-1938), М.Г.Соколов (1938-1940), П.А. Прянин (1940-1941ж.ж.) Р.С. Подольская (1941-1944ж.ж.), Е.И. Щелкова (1944-1954ж.ж.), Н.Т. Алибаев (1954-1960ж.ж.) А.В.Тихонов (1960-1979ж.ж.) А.Н. Ибатов (1979-1984ж.ж.) М К Берген( 1984-2012 жж) Олар облыстық денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық кадрларды даярлауда көп еңбек етіп, өшпес із қалдырды.

Қазіргі таңда колледжді 2012 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Медициналық университетінде  кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметін атқарған м.ғ.к., профессор Н.М. Шумбалов басқарады.

 

Түрлі жылдарда елге танымал ғалым-академик К. Жумалиев, И.М. Малеча, З.М. Рахманина, Ф.Я. Трипуров, А.А. Коблик, сонымен қатар Қазақстандағы дәрігерлер – хирург Н.Т. Алибаев, инфекционист К.Д. Тажиманов, С.А. Лебедев, акушер-гинеколог И.И. Берлянд, С.П. психиатр Письман, И.С. Эдельзон, Т.В. Чеусова, В.О. Миллер, Л.Н. Аншакова және т.б. жұмыс істеді.

Біздің колледждің түлектерінің ішінде аты әлемге танымал ғалымдар көп. Олардың ішінде:

Қарақұлов Ишанбай Қарақұлович – 1929 – 1931 жылдары Қазақ өлкелік техникумында оқыған – белгілі Кеңес эпидемиологы, денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы,  КСРО, ҚазКСР Академиялық медициналық ғылымдарының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР, Қарақалпақ КСР еңбек сіңірген қайраткері. Ол көптеген ғалымдар тобын дайындап, жүздеген кітаптар мен жинақтар шығарып, қоғамдық-саяси жұмыстармен белсенді айналысқан.

Имашева Розалия Галиевна-медицина ғылымдарының докторы, профессор, біздің оқу орнының түлегі, бала психиатры  мамандығы бойынша профессор атағын алған алғашқы қазақ әйелі. Көп жылдар Алматы медициналық Академиясында еңбек етті.

Жұматов Хамза Жұматович- қазақ өлкелік техникумында 1929 -1931 жылдар аралығында оқыған, вирусолог, Қаз КСР АҒ академигі, КСРО АМҒ корреспондент мүшесі, профессор, Қаз КСР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Негізінен ғылыми еңбектері вирусология мен иммунология мәселелеріне арналған.

Тюрин Николай Алексеевич – 1939 жылы Орал тіс дәрігерлік  мектебінің фельдшерлік бөліміне оқуға түседі. 1941 жылы 18 жасында майданға аттанады. 1952 жылы Москва медициналық Институтын бітіріп, Москва қаласында Патрис Лулумба атындағы халықтар достастығы Университетінде көп жылдар емдеу факультетінің деканы болып қызмет етті.

Симбирцев Семен Александровиц, КСРО МҒА академигі, көптеген жылдар Ленинград дәрігерлер білімін жетілдіру институтын басқарды.

Қазіргі таңда колледж алты мамандық және 8 біліктілік бойынша жоғары білікті және құзыретті медициналық қызметкерлерді дайындайтын елдегі алдыңғы қатарлы медициналық колледждердің бірі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы базалық оқу орны болып табылады.  Қазіргі таңда колледжде 1050 студент білім алады. Колледж түлектері еліміздің барлық аймақтарында және одан тыс жерлерде сұранысқа ие. Бітірушілердің жұмысқа орналасуы 92-9%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды, қалғандары медициналық жоғарғы оқу орындарына оқуға түседі, шетелдерге шығады.

2014 жылы Батыс Қазақстан медициналық колледжі Қазақстан Республикасының алты базалық колледждері арасында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын енгізу туралы ДСМ сынамалы жобаны жүзеге асыруға қосылды. Бұл жоба Бүкіл әлемдік банктің «Технологияларды беру және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында институционалдық реформаны жүргізу» жобасы шеңберінде дайындалған және қазіргі таңда енгізіліп жатыр.

Колледждегі оқытуды жоғары және бірінші санаттары бар, Алматы, Астана, Түркістан, Ресей, Финляндия, Испания, АҚШ, Германияда тәжірибеден өткен жоғары білікті педагогикалық ұжым жүзеге асырады.  Жыл сайын оқытушылардың 96%-ы өз біліктіліктерін арттырады.

Колледжде оқу үрдісіне ең заманауи инновациялық технологиялар енгізілуде (дуалды оқыту элементтері, кредиттік технологиялар, симуляциялық оқыту, білімді балдық-рейтингтік бағалау, оқу пәнін өткеннен кейін 6-12 айдан кейін тестілеу арқылы студенттердің білімін бағалау, қашықтан оқыту элементтерін қолдану және т.б.).  Оқу үрдісінде компьютерлік және симуляциялық техникалар, 6-7 буынды робот-симуляторлар, оқу тренажерлері, электрондық оқулықтар және т.б. кеңінен қолданылады.

Колледжде 4 компьютерлік класс, Бірыңғай компьютерлік тестілеу орталығы, Симуляциялық орталық, Медициналық қызметкерлер білімін тәуелсіз бағалау орталығы, 80 орынға арналған оқу залы, 35000-ден астам қазіргі заманғы оқу әдебиеттері және 800 электрондық оқулықтары бар кітапхана бар. Колледж 4 қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Жалпы ауданы 7890,9 м2, бір білім алушыға шаққанда 9,1 м2 құрайды. Екі оқу корпусында 29 оқу кабинеті және 19 аудитория, 9 лаборатория,  жалпы ауданы 400 м2–ден астам спорт және жаттығу залы, 320 орынға арналған акт залы, стадион  ұйымдастырылған. Колледжде 50 орынға арналған буфет-асхана бар. Оқу залында интернетке қосылған 10 жұмыс компьютері бар. Сонымен қатар студенттерге электрондық оқулықтар,  MARCQ электрондық каталог, 3 компьютерлік кластағы «Параграф» ақпараттық жүйесі қол жетімді.

БҚМК студенттерін практикалық дайындау Орал қаласының ірі клиникалары базаларында облыстық үздік орта медициналық  қызметкерлер қатарындағы тәлімгердің қатысуымен жүзеге асырылады. Сапалы оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқу базаларында барлық қажеттіліктер берілген: сабаққа арналған оқу бөлмелері, ЕПҰ-ның жаттығу орталықтары, емдеу-диагностикалық бөлімдер мен кабинеттер, медициналық жабдықтар мен лабораториялар.   Облыстық 26 медициналық ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік туралы шарт жасалды, онда өзара мүдде мен соңғы нәтижеге негізделген колледж бен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы  қатынастар анықталған. Бұл әлеуметтік әріптестік денсаулық сақтау мекемелеріне қасиетті білім беруге – оның мазмұнына ықпал ете отырып,білім беру үрдісінің белсенді және толық қанды қатысушысы болуға, ал білім беру мекемелеріне халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мамандарды дайындау сапасын жетілдіру бойынша бірнеше бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі. Практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері мемлекеттік қорытынды емтихандарға да, ағымдық практикалық емтихандарға да қатысады.

   

         

 

 

 

Басқа мақалалар