Версия для слабовидящих Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі ШЖҚ МКК

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация


14 желтоқсан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде ҚР Тәуелсіздігі күніне байланысты « Тұғыры биік, тамыры терең тәуелсіз ел » атты мерекелік іс шара өтті.
Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі директоры К.М. Ирменов мерекелік іс шараны облыстық, республикалық дәрежеде, жүлделі орындар алып, колледжіміздің мәртебесін көтеріп жүрген оқытушылар мен білім алушыларды марапаттау рәсімімен ашты.

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің кітапханасында колледж кітапханашылары емдеу ісі -11 топтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – рухани жаңғырудың кепілі» атты танымдық тақырыптық кеш ұйымдастырды.

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі студенттері арасында «Бірге билейік, «Қаражорға» атты ұлттық, патриоттық акциясы өтті. Мақсаты жастарға эстетикалық тәрбие беріп, хореографиялық шығармашылығын арттыру, халқымыздың би өнерін насихаттау. Осы шараға 1 курс студенттері белсенділік танытып, жоғары деңгейде қатысты.

7 - желтоқсан күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптарын оқу және жыл бойы насихаттауға «Ұлт руханиятының үш діңгегі» атты оқырман конференциясы өтті.

РФ Саратов қаласында араши каратеден ашық Халықаралық турнирінде өнер көрсеткен Батыс Қазақстан Жоғары медициналык колледжі білім алушылары жүлделі орындарға ие болды: Еркін Шырын ІІ орын, Мұлхайырова Гүлден ІІ орын, Амангелдиева Айгерім ІІІ орынға ие болды

9 желтоқсан –сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі бойынша біріңғай сағат ұйымдастырылды. Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша  оқу орындарында жемқорлықтың алдын алу және болдырмау. 

 Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы жастардың білімге деген ұмтылысына, жаңа технологияларды игеруіне, өзіндік идея-жобаларды жүзеге асыруына көңіл аударады. Осы басымдықты және ҚР – да медбикелерді даярлауды жетілдіру реформаларын жүзеге асыру мақсатында,  ҚР тәуелсіздігі күні қарсаңында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық  колледжі  базасында  еліміздің медициналық колледж студенттері арасында «Креативті студент – болашақ маман» атты республикалық жобалар фестивалі тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жобалар фестиваліне медициналық колледждің «Медбикелік іс» мамандығы бойынша оқитын 1-3 курс білім алушылары қатысты. 

Басқа мақалалар