Версия для слабовидящих Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі ШЖҚ МКК

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация


23.11.2018ж «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» атты пән апталығы шеңберінде «Гиппократ» (анатомия) және «Рефлекс» (физиология) пән үйірмелерінің ашық отырысы оздырылды. Мақсаты: телебағдарлама арқылы оқушылардың танымдық қасиеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ашық шара тақырыбы: Жүрек-қан тамыр жүйесі.

 

22.11.2018 ж. «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» атты пән апталығы шеңберінде  №2 «Жалпы кәсіптік пәндер» әдістемелік циклдік комиссия оқытушылары ұйымдастыруымен колледжіміздегі «Жас оқытушылар» мектебінде «Жалпы кәсіптік пәндердегі үштілді білім берудің ұтымдылығы» тақырыбында шеберлік класс өткізілді.

 

21-і қараша Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде №2 ӘЦК өткізген апталық шеңберінде «Салауатты өмір салтын насихаттаудағы медибке жұмысының рөлі» атты ашық есік акциясы өтті. Акция валеология, денсаулықты нығату және аурудың алдын алу пәні оқытушысы – Муфтахиева А.Қ., МІ-22, МІ-29 білім алушылардың ұйымдастыруымен өткізілді.

 

21.11.2018 ж.  «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» атты пән апталығы шеңберінде «Үздік презентация және үздік бейнеролик»  студенттер арасында пәндік байқау оздырылды.

20.11.2018 ж. «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» пән апталығы шеңберінде эксперименталдық топтардың бірі «Лабораториялық диагностика – 11» тобында сабақта үштілділік қолдану мақсатында CLIL технологиясымен «Клиникалық термин құрылымы» атты жалпы колледждік ашық сабақ өткізілді.

 

20.11.2018 ж. «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» пән апталығы шеңберінде колледж оқытушылары арасында «Бақытты болған қандай жақсы!..» атты психологиялық тренинг – сабақ өткізілді. Тренинг-сабақ оқытушылардың, әсіресе, жас мамандардың бір–біріне деген қарым–қатынасын нығайтуға, өзін-өзі тануға, ұжымда еркін сезінуге бағытталды.

19.11.2018ж  «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» атты пән апталығы шеңберінде «Ұлы істің білгірі» жалпы кәсіптік пәндер оқытушыларының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

19.11.2018 ж «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі музейінде колледж ардагер ұстаздары Т.Т.Колесникова, С.Т.Шугаевамен кездесу ұйымдастырылды.

19.11 – 24.11.2018 ж аралығында жоспарланған  «Жалпы кәсіптік пәндер – медицина әлемінің бастауы» атты №2 «Жалпы кәсіптік пәндер» ӘЦК-ның пән апталығының ашылуы өтті.

15 қараша күні «Алем Плаза» сауда-ойын сауық орталығында БҚО денсаулық сақтау басқармасы және «Батыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ұйымдастырған «Салауатты Орал» акциясында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің білім алушылары «Рухани Жаңғыру» флэшмобын және мерекелік әндерді орындап, акцияға белсене ат салысты.

Қараша айының 14 жұлдызы «Халықаралақ Диабетпен күрес күніне орай» Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде ІІ-ІІІ курс білім алушылар арасында «Диабет бақылауда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақ Подстепное ауылы АМСК-нің фельдшері Непрос Алексей Федорович білім алушыларына диабет туралы аса маңызды ақпарат беріп, диабет ауруы туралы білм алушылардың білімін толықтырды.

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Жол Картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, шеберлік класстар жалғасуда. 14 қараша күні ІІ-ІІІ курс білім алушыларына, «Ауруханаға дейінгі кезеңде, ЖКО-да көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыбында шеберлік класс өткізілді. Шеберлік классты ҚКБА политравма бөлімінің жоғары санатты дәрігері А.А.Алибеков жүргізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында, 14 қараша күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің білім алушыларына, қызметкерлеріне және оқытушыларына жалпыхалықтық диктант өткізілді.

 

9 қараша күні Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Гигиена және эпидемиология» мамандығының білімгерлері арасындағы «Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбының Республикалық жобалар байқауында, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің «Гигиена және эпидемиология» бөлімінің 2 курс білім алушысы Мақсотова Гулназым ІІ – орын иеленді.

«Білім-Образование–Education» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген, ЖОО мен ООО педагогтары арасындағы «Үздік сабақ жоспары» Республикалық қашықтық педагогикалық сайысында, «Ғылыми цикл» номинациясында, Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің анатомия және физиология пәндерінің оқытушысы Умбетова Айкоркем Алижановна ІІ орынды иеленді.

Емдеу ісі бөлімінің, Еі -31 тобының білім алушысы Қуанышкалиева Нұрбибі 25-26 қазан күндері Астана қаласында өткен 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясына 40 жыл толуына орай өткізілген конференциясына қатысып сертификат иеленді.

07.11.2018 ж. Батыс Қазақстан Жоғары медицина колледжінде «АҚТҚ/ЖҚТБ ауруына қарсы күрес, оның алдын алу» тақырыбына конференция өтті. Конференция «АҚТҚ/ ЖҚТБ – жол жоқ, біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен өтті.

7 қараша күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде «Жол Картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ІІІ курс білім алушыларына «Жүктілер, босанғаннан кейінгі, босанушы әйелдердің шуғыл жағдайларында: ауыр деңгейдегі преэклампсия, эклампсия» және «Босанудан кейінгі қан кету кезінде жедел көмек көрсету» тақырыбында шеберлік класс ұйымдастырылды.

Қараша айының 6 жұлдызы күні Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы және Емдеу ісі-32 топ білім алушы Идиятұлы Айымбекпен №10 Орал қалалық орта мектебіне барып 8 және 7 сынып оқушыларына «Алғашқы медициналық көмек» бастапқы түсініктерімен таныстырып,оқыс апаттық жағдайда қандай көмек көрсете білу керектігін тәжірбие жүзінде көрсетіп қайтты.

Басқа мақалалар