Версия для слабовидящих Жалпы ережелер

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

 Кітапхана туралы ережелер

  1.     Жалпы ережелер

 1.1  Кітапхана Батыс Қазақстан медициналық колледжінде (әрі қарай - колледж) «Арнаулы орта оқу орнына» сәйкес құрылады.

 1.2  Колледж кітапханасы оқу-көмекші идеологиялық, ақпараттық және мәдени-ағартушылық құрылым бөлімшелерімен және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының қарауында болады.

 1.3 Өз қызметінде кітапхана 2003 жылдың 18-шілдесіндегі №508 ҚР Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен «ҚР мемлекеттік білім ұйымдарындағы кітапхана қорын қалыптастыру нұсқаулығының бекітілуі туралы», 2008 жылдың 28-мамырындағы №506 Білім және ғылым Министрлігінің қаулысымен «Толық циклдік білімді алушылар контингенті қарым-қатынасына байланысты оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының бар болуы» ҚР заңнамасы бойынша басшылық жасайды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтарымен және нұсқаулықтарымен, әдістемелік орталықтардың әдістемелік кепілдемелерімен, сондай-ақ ережемен жұмыс жасайды.

  1.4Колледж директорымен бекітілген колледж қызметкерлеріне, оқытушыларына, білім алушыларына кітапхана қызмет көрсетеді, қажет болған жағдайда орта арнаулы оқу отырысының кітапхана ережесіне сәйкес, колледж жанынан біліктілік арттыру курсынан өтіп жатқан арнаулы медициналық қызметкерлерге де қызмет көрсетеді.

 1.5Кітапхананың әдістемелік басшылығы жүзеге асырады: Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана және Облыстық денсаулық сақтау Басқармасы, облыстық білім басқармасы.

 1.6Кітапхананың өз аты жазылған мөрі бар.

  2. Штат және құрылым

 2.1 Басқарманың қалыпты құрылым аппаратына сәйкес, мамандар мен қызметкерлерді жұмыс көлемінің есебіне қарай отырып, колледж директоры кітапхана штаты мен құрылымын өзі бекітеді.

 2.2 Кітапхана штатында 3 қызметкер бар.

 2.2.1 Кітапхана меңгерушісі

 2.2.2  Кітапханашы

 2.3 Кітапхана құрылымында мынадай бөлімдері бар:

 2.3.1 Кітап қоймасы

 2.3.2 Оқу залы

  3. Негізгі мақсат-міндеттері

 3.1 Кітапхана мақсаты – әкімшіліктің үйлесімдігі, педагогикалық ұжым мен колледждің оқушы жастарды кәсіби дайындыққа белсенді құлықтылық насихатымен, денсаулық сақтау тәжірибесінде және медициналық ғылым жетістігі мен адамгершілікте қоғамдық ұйымдастыруы

 3.2 Негізгі міндеттері:

 3.2.1 Оқу-тәрбие процесін барлық үлгілері және әдістерімен кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

 3.2.2 Жұмыс бағыттары басқа жүйедегі кітапханалармен байланысты.

 3.2.3 Колледжде оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесіне енгізу үшін медициналық басылымдармен, сондай-ақ бланкалық өнімдермен, жарнамалық материалдармен қамтамасыз ету.

  4. Қызметтері

 4.1 Өнегелі тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша колледж жұмысына қатысады.

 4.2 Әдебиетті ғылыми-техникалық процестегі жетістіктерімен, білім, денсаулық сақтау, медициналық ғылым, кітапханалық жұмыстағы мәдениет және өнердің барлық түрлері және әдістерімен насихаттайды.

 4.3 Жалпы оқу кезінде қоғамдық ұйымдармен, қоғамдық жұмыс оқытушыларымен және оқу орнының басқа бөлімше жұмысшыларымен бірігіп, ойлы-тәрбиелік жұмысты жүзеге асырады.

 4.4 Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады.

 4.5 Колледж кәсібіне сәйкес оқу бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылар, оқытушылар және колледж қызметкерлеріне кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді.  

 4.6 Оқу залында, абонементтегі оқырмандарға сараланған қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

 4.7 Кітаппен жұмыс және кітапханатану негізі бойынша, кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық білім туралы оқырмандар арасында әңгіме-насихат жүргізеді.

 4.8 Оқу-әдістемелік жұмыстарды - әдебиеттік кештер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық кештер, сұрақ-жауап кештері, оқырмандар конференциясы және т.б. жүргізеді.

 4.9 Ақпаратты жалпылай, топтық, жекеше түрлі әдістер мен нұсқаларда: «сұрақ-жауап» режимінде қызмет көрсету, таңдау тарату ақпараты, басшылардың сараланған қызмет көрсетуі, ақпарат күндері, тақырыптық көрмелер, жаңа түскен кітаптар көрмесінде қолданады. Пән комиссияларымен бірге библиографиялық шолулар, әдебиеттердің кепілдемелік тізімдерін құрады.

 4.10 Кітапхана қорын жасақтайды.

 4.11 Білім алушылардың сұранысы негізінде медициналық, салалық көркем әдебиеттердің қорын толықтыруды қамтамасыз етеді.

 4.12 Кітапханалық әдебиеттерді өңдеуді жүзеге асырады.

 4.13 Топ жетекшілерімен және оқытушылармен бірігіп, оқушыларды оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етудің жүйелі сараптамасын жүргізеді.

 4.14 Нұсқаулыққа сәйкес кітап қорының қауіпсіздігі мен есебін қамтамасыз етеді.

 4.15 Пайдалану сараптамасы бойынша жұмыстар өткізеді және кітапхана қорынан бұрынғы және ескірген басылымдарды шығарады.

 4.16 Түрлі тізбе мен картотека қосылған анықтамалық-библиографиялық аппарат құрады және жүргізеді.

 4.17 Колледждің техникалық базасын әдістемелік, ілімдік, ғылыми, мезгілдік басылымдармен және басқа әдебиеттермен қамтамасыз етеді.

  5. Құқығы

 5.1 Колледждің кітапхана меңгерушісі өзіне тиісті лауазымдық нұсқаулықты анықтайтын кітапхана жұмысын жүзеге асырады.

 5.2 Кітапхананың құқығы бар:

 5.2.1 Барлық бөлімшелерден жұмысқа қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрауға және алуға.

 5.2.2 Оқушыларды, оқытушыларды жұмысқа тартуға.

 5.2.3 Педагогикалық және кітапханалық кеңеске кітаппен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар қарастыруды енгізуге.

  6. Жұмыстың ұйымдастырылуы

 6.1 Кітапханалық кеңес отырыстарында өз қызметі жөнінде есеп береді, кітапхананың оқу жылына сәйкес жұмыс жоспары негізінде, кітапхана ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

 6.2 Кітапхананың барлық жұмыс жағдайына жауап беретін кітапхана меңгерушісі басшылықты да жүзеге асырады.

 6.3 Кітапхана меңгерушісін тағайындау және орнынан алу колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді. Кітапхананың басқа қызметкерін тағайындау және орнынан алу кітапхана меңгерушісінің ұсынысымен колледж директоры бұйрығымен болады.

 6.4 Облыстық білім басқармасында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы кітапхана жұмысының негізгі көрсеткіштерін және басқа мәліметтерді көрсетеді.

 6.5 Әрекет етуші заңнамаға сәйкес кітап қорының қауіпсіздігі үшін кітапхана қызметкерлері жауап береді.

  7. Басқа бөлімшелермен қарым-қатынасы

 7.1 Кітапхана колледждің басқа бөлімшелерімен байланыс жасайды.

  8. Жауапкершілік

 8.1 Кітапхана қызметкерлері жауапкершілікке алады:

 8.1.1 Өздерінің лауазымдық нұсқаулықта қаралған лауазымды міндеттерін орындамағаны үшін  ҚР Еңбек заңнамасында анықталғандай әрекет етуші жауап береді.

 8.1.2 Өз жұмысын жүзеге асыру процесінде жіберілген құқықбұзушылықтар үшін – ҚР әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңнамасына сай анықталғандай әрекет етуші жауап береді.

 8.1.3 Материалдық шығын келтіргені үшін - ҚР әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңнамасына сай анықталғандай әрекет етуші жауап береді.

  9. Құжаттама және есеп беру

 9.1 Кітапхана меңгерушісі білім ұйымының іс-қағаздарына сәйкес келесі құжаттамаларды жүргізеді:

 9.1.1 Кітапхананың және кітапхана кеңесінің жылдық жұмыс жоспарын, олардың орындалғаны туралы есебін.

 9.1.2 Оқырмандардың картотека формулярын.

 9.1.3 Ағымдық басылымдардың тіркеу карточкаларын.

 9.1.4 Кітапхана жұмысының күнделікті есебін.

 9.1.5 Кітаптар мен журналдарды есептен шығару құжатын.

 9.1.6 Кітапхана қорының тексеру құжатын.

 9.1.7 Кітапхана қорындағы кітаптардың жиынтық есебін, әдебиеттерді.

 9.1.8 Кітаптардың есептік тізбесін (алфавиттік және жүйелік).

  10. Сілтемелер

 10.1 2007 жылдың 27-шілдесі №319-ІІІ. ҚР «Білім туралы» Заңы.

 10.2  Менеджмент жүйесінің сапасы. Талап ету. СТ. ҚР ИСО 9001-2008

 10.3  2007 жылдың 5-мамыры №251-IV. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.

 10.4 1999 жылдың 23-шілдесі №451-І. ҚР СМИ туралы Заңы.

 10.5 1996 жылдың 10-маусымы №6-І. «Авторлық және шектес құқық» туралы Заң.

 10.6  2003 жылдың 18-шілдесіндегі ҚР ДСМ  №508 бұйрығымен «ҚР мемлекеттік білім ұйымдарындағы кітапхана қорын қалыптастыру нұсқаулығының бекітілуі туралы»

 10.7 2008 жылдың 28-мамырындағы ҚР ДСМ №506 қаулысымен «Толық циклдік білімді алушылар контингенті қарым-қатынасына байланысты оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының бар болуы».

 

Басқа мақалалар