Версия для слабовидящих Кітапхана туралы

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

Колледждің кітапхана қоры 37171 дананы құрайды, оның ішінде

  • көркем әдебиет – 4243,
  • оқу әдебиеті -32058,
  • оқу-әдістемелік құралдар -718,
  • электронды оқулықтар 152.

 Ø  мемлекеттік тілде -13482

 2018-2019 оқу жылында кітапхана қоры 1514 дана кітаппен толықтырылды. Колледж кітапханасы газет пен журналдардың 28 түріне жазылады, оның ішінде «Денсаулық», «Мейірбике ісі», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» және т.б.; медициналық басылымдар - «Медицина», «Аға медбике», «Практический врач», «Акушерство и гинекология» және т.б.; педагогикалық басылымдар -  «Менеджмент в образовании», «Педагогикалық мәселелер», «Техникалық және кәсіптік білім беру», «Колледж: кәсіби білім беру. Профессиональное обучение» және т.б.; қоғамдық-саяси басылымдар - «Казахстанская правда», «Егеменді Қазақстан» және т.б., облыстық басылымдар - «Орал өңірі», «Приуралье», «Жайық үні» «Пульс города» т.б. Кітапхананың кітап қоры мерзімді басылымдармен толығатыны туралы оқытушылар мен студенттер хабардар болу үшін, арнайы жаңа басылымдардың ақпараттық тізімдері тұрақты жасалып тұрады.

 Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетімен жасалған меморандум негізінде электронды кітапхананы (www.studmedlib.ru) пайдалануға рұқсат алды.

 Сонымен қатар, колледж кітапханасында «Параграф» ақпараттық жүйесі қолжетімді пайдаланылады. Параграф ақпараттық жүйесі денсаулық сақтау саласындағы заңнамалар мен нормативтік құжаттарды табуға және олармен танысуға мүмкіндік беретін қолайлы және бірегей анықтамалық жүйе болып табылады. Колледж кітапханасы «Кітапхана ісі» электронды каталогымен жұмыс істейді.

Кітапхананың барлық жұмысы білім алушылардың оқыту-тәрбиелеу үдерісіне бағытталған. Осы мақсатта, кітапханада өзекті тақырыптарға жоспар бойынша  кітап көрмелері, тақырыптық кештер, оқырман конференциялары өткізіледі. Кітапхананың ұйымдастырған «Егемен елдің кемеңгер басшысы», «Жолдау жол сілтейді», «Тіл - достықтың мерейі», «Тәуелсіздік - тұғырым», «Ақжайық тарландары», «Ұлы даланың жеті қыры» және т.б. кітап көрмелері, сондай-ақ ақынның шығармасына арналған буктрейлермен жалғасқан «Сұлтанмахмұт Торайғыровтын туғанына -125 жыл» атты көрме оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын оятты. Ал «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында өткізілген «Ұлт руханиятының үш діңгегі» атты TEDx және READx форматындағы тақырыптық кеш білім алушылардың өнер мен әдебиетке өзгеше – өнер мен әдебиет сүйгіш көзбен қарауға көмектесті.

Басқа мақалалар