Версия для слабовидящих Қашықтан оқыту

 

 

 

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Колледж с 16.03.2020 года проводит обучение по ДОТ технологии. Колледж 16.03.2020 жылдан бастап ҚБТ бойынша оқытады.

Авторизация

Еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі қажетті іс-шараларды дер кезінде қолға алып,  оқу үрдісін үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етуде.

Қазіргі уақытта қашықтан оқыту  технологиясы - білім беру мекемелері үшін өте маңызды орын алып отырғаны белгілі.

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде білім беру оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.

Компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлерін қолдану аясын кеңейту, қашықтан оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында колледж оқытушыларына әдістемелік нұсқау беру бағытында онлайн семинар оздырылды. Тәжірибелі оқытушылардың сабақтарда қолданған әдістері тиімділіктерін көрсетіп, оң нәтижелерді көрсетті. Moodle, Google Classrom бағдарламалары қолданылып, Smart технологиясының мүмкіндіктері, Camtasia, Zoom, Du Recorder Viva video және т.б мүмкіндіктері туралы мәліметтер сабақтар арқылы берілді.  Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану, сабақтарда аудио, бейне, суретті материалдарды қолдану, онлайн, офлайн форматындағы әдістерді қолдану туралы оқытушылардың білімін үздіксіз жетілдіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Жалпы патология пәнінен «Эндокрин жүйесі» тақырыбындағы бейне материал (оқытушы А.Үмбетова) Du Recorder Viva video бағдарламасы негізінде жасақталса, Кәсіби шет тілі пәнінен  «Десмургия» тақырыбындағы видеолекция Moodlel платформасында (оқытушы Ж.Исимова) Camtasia  қолдана жасақталған. Фармакология негіздері пәнінен Zoom бағдарламасы арқылы жүргізілген онлайн-конференция (оқытушы Т.Исмагулова), «Терапиядағы мейіргерлік іс» пәнінен рольдік ойындар арқылы бейне лекцияларды (оқытушы Н.Кенжина) т.б атауға болады.

 

Басқа мақалалар