Версия для слабовидящих «Ел тарихындағы жастар»

 

 

 

Авторизация

2019 жылы желтоқсан айының 21 күні Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде «Ел тарихындағы жастар» тақырыбында шара өтті. Шараның мақсаты: Қазақстан тарихындағы жастардың рөлі туралы студенттердің білімін кеңейту және тереңдету, өз елінің тарихын білу, ұрпақ сабақтастығы сезімін дамыту.

Шараны тарих және әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Ундаганова Э.К.  ЕІ-12, ЕІ-13, МІ-11, МІ-12, МІ-13, МІ-15 топтарының студенттерімен ұйымдастырды.

Көрермендер тарих беттеріне көз жеткізді. Өткен ХХ ғасырдың жастары қандай болды және ХХІ ғасырдың қазіргі замандағы жастар немен ерекшеленетінін білді. Айырмашылығына қарамастан жастар әрқашан қоғамның рухани күшін қозғаушы елдің басты байлығы болады. Тәуелсіз Қазақстанның жастары аға буынның сындарлы жұмыстарының эстафетасын жалғастыруда үлкен жауапкершілік алады.Осы жағдайға қол жеткізу үшін жастар патриот, білімді, кәсіби, дені сау, бәсекеге қабілетті, жауапкершілікті болу қажет.

Шара барысында студенттер әндер айтып, өлең оқып, би биледі.

 

Басқа мақалалар