Версия для слабовидящих Колледж студенттері – Республикалық олимпиада жүлдегерлері!

 

 

 

 

 

 Жаңа 2020 жылдарыңызбен!!!

   Жаңа жыл – жаңарудың мерекесі! Мен баршаларыңызға шын жүректен толағай табыс, шығармашылық жетістіктер, тың жаңалықтар мен жеңісті сәттер тілеймін!

   Жаңа жыл құтты болсын! 2020 жыл қуанышты оқиғалар мен жағымды әсерлерге толы болғай! Алдағы жыл барлық шаңыраққа тек қана ырыс пен дәулет, шадыман-шаттық алып келсін!

    Келер жылда барлық істеріңіз бен қызметтеріңіз жоғары өрлеп, ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген сіздерге бейбіт өмір, тыныштық, мол табыстар, жақсылық тілеймін. Əрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сəттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жылдарыңызбен!

 Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Білім басқармасы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жанынан құрылған білім беру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін облыстық Call-орталығының байланыс нөмірі 8 (7112) 31-23-38 және 87471127407 телефондары, callcenteredu@qmail.com

Авторизация

 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «URKER MITEC» орталығы ұйымдастырған республикалық «Гиппократ» олимпиадасына Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінен 16 оқытушының жетекшілігімен 163 білім алушы қатыстырылды. Олардың 19-ы жүлделі І орынды, 74-і ІІ орынды, 70-і ІІІ орынды иеленіп, республика көлемінде колледжіміздің мәртебесін асырды.

 Олимпиада ұйымдастырушылары белсенділік танытқаны үшін колледж директоры Камидолла Мутиголлаұлына Алғыс хат пен олимпиада кубогін тарту етті.

Біз жүлделі орын иегерлері мен жетекшілерін білім додасындағы жеңістерімен құттықтап, мейрам қарсаңында ел ертеңі жастарға – жарқын болашақ тілей отырып, білімге деген құлшыныстары еселеніп, тәуелсіз елімізді әлемдік деңгейдегі дамыған елдер қатарына қосуда өз үлестеріңізді қосатын білікті маман, жан-жақты дамыған тұлға ретінде өз орындарыңызды табуларыңызға тілегімізді білдіреміз!


Басқа мақалалар