Версия для слабовидящих Басты

 

 

 

 

 

 Құрметті әріптестер, аналар, барша әйел қауымы!

   Жер мен көкті қуаныш пен гүл шоғына орап аңсай жеткен көктем мен 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын, аяулы арулар!

Ана қуанышы, әйел қуанышы  -  әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, еңбекте жеміс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін!

 

 

    Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледж директоры К.М.Ирменов

Хабарландыру!!!

comintour.net
stroidom-shop.ru
obystroy.com
Білім басқармасы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жанынан құрылған білім беру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін облыстық Call-орталығының байланыс нөмірі 8 (7112) 31-23-38 және 87471127407 телефондары, callcenteredu@qmail.com

Авторизация

Жаңалықтар

Өзіңді мазалаған, сені қызықтырған сұрағыңды онлайн-кеңестен ал!

Құрметті студенттер!

Онлайн-кеңесті төмендегі байланыстарды теру арқылы ала аласыздар:

 

-  ПсихологМухтарова  А.С         87475375115;

- Жастар ісі жөніндегі инспектор: Оспанова А.М    87055918828;

-  Кәсіптік бағдарлау мамандары:  Сарсенбаева Ж.Б   87478720384;

Мусина  К.М   87013157676

Еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі қажетті іс-шараларды дер кезінде қолға алып,  оқу үрдісін үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етуде.

Қазіргі уақытта қашықтан оқыту  технологиясы - білім беру мекемелері үшін өте маңызды орын алып отырғаны белгілі.

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде білім беру оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай әр азаматты, әр мекемені бей-жай қалдырмады. Бірлігіміз бен тұтастығымыз сыналар қиын шақта колледждің  білім  кәсіби дәрігерлер сапында халыққа қызмет көрсетіп жүр. Бүгінгі таңда «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігімен  білім алып жатырған 19 білім алушы дуалдық оқыту жүйесіне көшіріліп, ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-да өз біліктіліктерін шыңдап, ел игілігіне еңбек етуде.

Ұлы Жеңістің  75 жылдығына орай Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің жүлдесі үшін ЖОО мен ТжКББ ұйымдары білім алушылары арасындағы қалалық Араши ММА жарысы ұйымдастырылды.

2020 жылғы наурыздың 10 күні  Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде клиикалық пәндер бойынша декаданың өтуіне орай, «Акушерия және гинекология» пәні оқытушылары және «Мейіргер ісі» бөлімінің білім алушылары «Репродуктивті жастағы жастардың денсаулықтарын қорғаудағы мейіргердің рөлі» атты ток-шоу өткізді.

Ұжымды 8 наурыз халықаралық мерекесімен колледж әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы құттықтап, игі тілектерін жаудырып, сыйлықтар табыстады. Еңбекте үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер колледж директорының және облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды. 

Басқа мақалалар